Меруерт Түсіпбаева ұлын Ninety one тобынан алшақтата алмай жүр
Меруерт Түсіпбаева атышулы Ninety one тобына шүйлікті. Баласына дұрыс тәрбие беруге тырысатын ана ұлын бол топтан алшақ ұстауға әрекеттенген. Бірақ мәселе 91-дің әнінде емес, стилінде.

Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Балам 17 жаста. 91 тобын тыңдайды. Бірақ ешқашан да сырға тағып, салбыраған шалбар кимейді. Өйткені оның ана-анасынан, мектептен алған тәрбиесінің діңгегі өте берік”, – дейді Түсіпбаева.
Түсіпбаеваға ұлының 91 тобын тыңдайтыны ұнамайды. Дегенмен де, әнші перзентінің бұрыс жолға түсіп кетпейтініне сенімді.
“Менің баламның қызтекеге еліктеуі мүмкін емес. Ашық-шашық сахнаға шығып, сырға тағып, жігіттеріміз бұты салбырап, әйел сияқты киініп шықса да, одан ешкім өліп жатқан жоқ”, – дейді әнші.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек