Түсіпбаева тележүргізуші болып жүрген әншілерді қатаң сынады

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 17:09

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева бірнеше мамандықты қатар алып жүрген әріптестерін сынады. Бұдан өзге баласының тым ерке болып өсіп келе жатқанын да айтты.

лш

Бұл туралы “Сырласу” бағдарламасында баяндап берді. “Етікші – етік тіксін, журналист –  бағдарлама жүргізсін. Қазірде әншілер бағдарлама жүргізеді. Не дикция жоқ, не ой жоқ, не интеллект жоқ. Беті әдемі әншілерді жүргізуші қылып қояды, ал олар болса не айтып отырғанын өздері де білмейді. Неге ол отырады? Өйткені ол танымал, ал журналист  танымал емес. Атам заманнан бағдарламаны журналистер жүргізетін, сол өздері жүргізсін. Әнші әнін айтсын, биші биін билесін, қаржыгер ақша санасын. Мемлекетіміздің рухани ақсап жататынының бір себебі де осы”  деп әнші әріптестері бірнеше кеменің басын қатар ұстаса да, жұмысының сапалы болуы керектігін айтты. image

Ары қарай “Неге біздің қазақтың киносымен көп көрермен әуестенбейді? Өйткені бізге киноға, сериалға сырттан адамдарды әкеле салады. Бізді осы қазақбайшылық жайлаған. Өнерде осы болмаса екен деймін” дейді Меруерт Түсіпбаева.

Көп уақытын жұмысқа арнайтындықтан, баласына көп көңіл бөле алмайтындығын да айтып өтті. Мұнымен қатар, баласы анасының шығармашылық өміріне еш қызықпайтын көрінеді. “Балам қарамайды. Қазіргі жастарды білесіз ғой. Оған әйтеуір мамаң қанша ақша әкелді болды. Балам менің бүгінгі күні жас болғандықтан ба, әлде қазіргі балалар сондай ма?! Балам менің он төртте. Менің ешқандай творчествома қызығушылық танытпайды… Бір бағдарламаға шығайық немесе фотоға түсейік журналға дегенге үйде өте үлкен айғай-шу, дау-дамай, “Мені тықпа, өзің түсе бер, маған тиіспеші” сынды әңгіме басталады” деп баласын ерке етіп өсіріп жатқанын тілге тиек етті.

QSCaA_nc0SY_99w5

“Балам, шынымды айтсам, ерке. Содан кейін білесіз бе менің анам былай айтады “Еркелеткеннен бір бала екеуі болмайды” деп. Әрине, бұл менің олқылықтарымның бірі шығар. Бала көбінесе мені көрмей, басқа адамдармен, көмекшілерім, сіңілдерім қарап өскендіктен, мен балама бәлкім бостау тәрбие бердім бе деп ойлаймын” деп жалғыз ұлына өзі көрген қиындықты көрсеткісі келметінін жасырмады.

1352890101 (2)

Соңғы кездері актерлік қырынан танылып жүрген әртіс Қазақстанда киноиндустрия дамыса, эстрададан мүлде кеткісі келеді екен. Мұнымен қатар, сырттай қатал көрінсе де, іштей нәзік әрі сезімтал жан болып шықты. Тіпті бірде Қанат Үмбетовтың “Мазаламайын” атты әнін 188 рет тыңдаған кезі болған екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Косылар едим аитканына, бирак сол журналистериц де аитатын ацгимеси калмады гои, сол аншилермен баска сырласа да козгаитын такырыбы да калмады. Букил казакстанда аншилер ели болдык кои.Химик ,физик,медик,устаз,филосов та жоок.

  • Жұмбақ жан says:

    Дурыс айтады!әншілер әнін айтсын!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар