Меруерт Түсіпбаева бетін “тарттырып алған” әріптестерін мазақ қылды
Меруерт Түсіпбаева кез келген образын білікті мамандармен ақылдаса отырып таңдайды. Мәселен, күні кеше “Түнгі студия” бағдарламасына қонақ болып келген әнші кезекті киімін сәнгер Берік Исмаиловтың көмегімен таңдағанын айтты, деп жазады Stan.kz.
“Киінуге Берік Исмаилов көмектеседі. Осы киімді сол таңдады. Өзім киіне алмаймын. Маған киіндіріп, шешіндіретін еркек керек”, – деп қалжыңдады әнші.
Бұдан бөлек, Түсіпбаева әнші болғаннан кейін, сахнада жарқырап жүру – өмір заңы екенін айтты. Алайда артық қыламын деп тыртық қылып жатқан әріптестерін сынға алып, тіпті келемеждеді.
“Біздің әртістерге таңғаламын, бетін осылай толтырып алады. Бір пласт жасап алады да, “жоқ, мен түк жасатпаймын” дейді. Мен шынымды айтайын, бір операция жасадым. Қабағымды алдырып тастадым.
Әртіс адам болғаннан кейін күтіну керек. Бірақ дәл осылай күтіну керек деп бір адамдар бетін қатырып тастайды. Ондай да болмау керек. 50-ге келіп қалғаннан кейін, бетіңді қанша кесіп, тілсең де, болмайды. Бәрібір жас деген өзінікін алады. Бірақ өнер адамы әдемі қартая білуі керек. Адам есейген сайын, гармондық өзгерістен семіре бастайды. Өзім биыл семіре бастадым. Жақында ғана шетелде болдым, қазір менде 3-5 килограм артық салмақ бар”, – дейді әнші.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.