"Менің балам ғой": Димашқа балаларының аузына түкірту үшін ата-аналар кезекке тұрды (видео)
Димашқа балаларының аузына түкірту үшін ата-аналар кезекке тұрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Димаш Құдайбергеннің кішкентай қыздың аузына түкіріп, ырым жасап жатқан бейнежазбасы тараған. Видеода Димаш опера әншісі Венера Алпысбаеваның қызының аузына түкірген.
"Ең бастысы ғұмыры ұзақ болсын, маңдайында бармақтай бақ болсын! Халқымыздың мақтанышы болатындай қыз болып өссін. Мамасы Венера секілді әдемі, еліне қадірлі болсын", - деп тілек білдірді димаштың анасы Света Айтбаева.
Ал Димаш Құдайбергеннің өзі кішкентай қыздың аузына түкіріп, тәтті нәрестенің қылығына тамсанды.
"Менің балам ғой", - деді Димаш Құдайберген қалжыңдап.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”