«Менікін ұрлады» деген ұят әңгіме: Баян Алагөзова өзіне шүйліккен «Махаббат бекетінің» режиссеріне жауап берді

Таяуда ғана «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері Талғат Теменов продюсер Баян Алагөзоваға шүйлігіп, өз фильмінің жалғасын түсіруге құқығы жоқ екенін айтқан еді. Өз кезегінде Алагөзова режиссерге жауап беріп, өзінің туындысы мүлде бөлек шығармаға негізделгенін айтты.

«Менікін ұрлады» деген ұят әңгіме: Баян Алагөзова өзіне шүйліккен «Махаббат бекетінің» режиссеріне жауап берді

Бұл туралы Abai.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Баян Алагөзованың сөзінше, ол режиссер Талғат Теменовтің повесінен ештеңе ұрламаған. Фильм түсіруге құқығым бар, дейді ол.

«Мен «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіріп жатқан жоқпын. Бұл мүлде бөлек шығарма. Мүлде бөлек авторлар. Мүлде бөлек оқиға желісі. Менің түсіріп жатқан фильмім – «Тағдыр бекеті» деп аталады. Фильм түсіруге құқығым бар ғой.

Талғат Теменовтің повесінен ештеңе ұрлаған жоқпыз. Оқиға желісі мүлде ұқсас емес. Керек десеңіз, Талғат Досымғалиұлының фильміне, оның сценарийіне еш қатысымыз жоқ», – дейді продюсер.

Сондай-ақ, продюсер фильмде «Махаббат бекетінің» музыкасын пайдалану үшін авторы Төлеген Мұхамежановтан рұқсат алғанын айтты.

«Ал мен өз фильмімде кімдерді, қандай актерлерді ойнатамын, оны өзім шешемін. Ол менің жеке шаруам ғой. Иә, кейіпкерлерімнің аты Гүлназ бен Орал. Гүлназ бен Орал деген – халықтық есімге айналып кеткен.

Біз ешқандай авторлық құқықты бұзған жоқпыз. Иә, фильмде «Махаббат бекетінің» музыкасын пайдаланбақпыз. Ол үшін музыка авторы Төлеген Мұхамежанов ағамыздан рұқсат алдым», – дейді ол.

Өз сөзінде Алагөзова режиссер Талғат Теменовтың «Махаббат бекеті» фильмінің авторлық құқығын 25 жыл бұрын «Қазақфильмге» өткізгенін атап өтті.

«Ал «Махаббат бекеті» фильмінің кейбір кадрларын пайдалану деген мәселеге келсек, бұл фильмнің авторлық құқығы «Қазақфильмге» тиесілі. Талғат Досымғалиұлы осыдан 25 жыл бұрын, авторлықты «Қазақфильмге» өткізіп берген.

Ал қазір авторлық меншік ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі. Менде вице-министрдің қолы қойылған рұқсат қағазы бар. Сондықтан, мен авторлық құқықты бұзды дегенмен келіспеймін», – дейді продюсер.

Сонымен қатар продюсер Талғат Теменотің алдынан өтіп, рұқсатын алғысы келгенін де айтты.

«Рас, Талғат Досымғалиұлымен байланыс орнатпақ болдық. Телефонын өшіріп тастаған. Байланыс орната алмадық. Ол кісімен тікелей сөйлескен жоқпыз. Әйтпесе, адам секілді алдынан өтпек едім. Өзі қалаған жоқ», – дейді Баян Мақсатқызы.

Өз кезегінде Баян Алагөзова режиссердің фильмінің сценарийімен таныспастан, өзінің туындысын ұрлағанын айтқанын «ұят әңгіме» деп бағалады.

«Ал енді, фильмнің сценарийін оқып алмай жатып, «менікін ұрлады» деген ұят әңгіме. Ол кісінің фильмі – «Махаббат бекеті» деп аталса, менікі – «Тағдыр бекеті» деп аталады», – деп түйіндеді танымал продюсер.

Естеріңізге сала кетсек, “Махаббат бекеті” фильмінің режиссері Талғат Теменов фильмнің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзоваға ренішін айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар