Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
«Мені таныдың ба?»: Мұғалімінен таяқ жеген оқушы 20 жылдан кейін өш алды
Қытайдың Лоян қаласында ер адам шамамен 20 жыл бұрын өзін ұрған мұғалімінен өш алды.

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
30 жастағы ер адам көшеден бұрынғы мұғалімін көріп қалып, оны тоқтатып: «Мені танисың ба?» – деп сұраған. Мұнан кейін ол 20 минут бойы мұғалімінің желкесінен тұрып, шапалақпен тартып жіберген. Осы уақыт бойы мұғалім қарсылық көрсетпей, тек кешірім сұрай беріпті.
Арада бірнеше күн өткеннен кейін ер адам өз әрекетін түсіндірді. Айтуынша, шамамен 20 жыл бұрын мұғалімі өзін аяусыз ұрып-соққан. Мұғалім оқушының сабақ кезінде қалғып кеткенін байқап, оған тізерлеп тұруын бұйырып, бүкіл сыныптың алдында басынан 10 рет тепкен екен.
Таяқ жеген оқушы ұялғандықтан полицияға шағымданбапты. Десе де ол осы жолы мұғалімін ұрғаны үшін тұтқындалды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі