Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мені арабқа бермейтін шығар: Ерке Есмахан Дубай ханзадасына ғашық болып қалған ба (видео)

Әр қазақтың қызы бақытты болуға лайықты! Осы желеуді ұстанған Ерке екінші рет тұрмыс құруға ниеттеніп жүргенін жасырған емес. Қазақ эстрадасының еркесіне айналған әнші болашақ жар іздеп жүргенін, тіпті әнге қосты. Оны бүкіл ел біледі, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мені арабқа бермейтін шығар: Ерке Есмахан Дубай ханзадасына ғашық болып қалған ба (видео)

Таяуда желіде Ерке Есмахан мен шоумен Әли Байжұматтың арасында махаббат бар деген ақпарат желдей есті. Желіде жұптың бірге жүрген суреттері мен видеолары тарап кетті. Алайда Ерке де, Әли де аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Сонымен Ерке сүйіктісін тапты ма, жоқ па, елге беймәлім. Есесіне Дубай жерінде демалып жатқан әнші бастан өткен қызықты оқиғасымен бөлісіп, араб ханзадасына көңілі ауғанын айтты.

“Сөйтіп, не керек, жұма намазда көптеген тілегімізді тілеп Муслим екеуміз мешіттен шықтық. Бір кезде алдымыздан бейтаныс араб жігіті шығып, менімен сәлемдесіп, Муслимнің қалпағын дұрыстап кигізіп жатыр. Өзімен-өзі!

Өлә сонда мешіттен шықпай жатып армандар орындалып жатыр ма?! – деп қоям. Армандардың арасында болды ғой енді, “жақсы бір жігіт болса” деген заказ! Майысудан жіберіп тұрм! (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

Бір ойым, соңғы кезде принц туралы көп айтып едім мына жігіт Дубайдың принці Фаза емес па дейді?! Фазаны белгiлеген қалай кетті?

Көзілдірігімнің артынан сығалап келбетіне қарап. Дубайдағы жарқын болашағым елестеп, қиял әлеміне еніп кеттім ғой. Қасында екі кішкентай ұл бар екен. Туу інілері шығар деп іштей өзімді жұбатам әлгі жерде.

Әйтеуір не керек, мені қазақтар арабқа бермейтін шығар деп дәмемді үзе салдым!
Көзбен тілдесіп, раxмет айтып, фотоға түсіп, тіл білмегеннің кесірінен сөйлесе алмай, қоштастық. Кездесу мен қоштасудан тұратын өмір-ай! (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)” – дейді Ерке.

Желі қолданушылары әншінің сөзіне иланып, бақыт тілеп үлгерді.

“Армансыз адам жоқ несі бар бəрі пенде бақытқа лайық ең бастысы Мұсылман болса болды”, – деп пікір білдірді желі оқырмандарының бірі.

Алайда Ерке әзілдегенін айтып, өзін өзгеге қимайтын тыңдармандарын сабырға шақырды.

“Менің әзілқой екенімді білесіздер ғой, қатты серьезно қабылдап қалмаңыздар әңгімемді” (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған) – деп түсіндірді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау