"Мен сондай бақыттымын": Димаш өзін 10 сағат бойы жаңбыр астында күткен тыңдармандарына алғыс айтты (видео)
Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өзін 10 сағат бойы жаңбырдың астында күткен жанкүйерлерге алғысын білдірді. Ол өзіне осындай құрмет көрсеткен тыңдармандарына алғыс айтып, инстаграм парақшасында жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
.%5B1%5D.jpg)
«Кешегі концертiміз жаңбырдың астында өтсе де, көңілді өткен секілді. 10 сағат жаңбырдың астында мені күтіп тұрған барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін. Рахмет Чэнду!»,- деді Димаш Құдаберген.

Димаш сондай-ақ, концертке келген әр адамға рахмет айтып, оларды көргеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Көптеген жұлдыздар сіздер сияқты жанкүйерлерді армандайды деп ойлаймын. Мен сондай бақыттымын», - деді Димаш концерт кезінде тыңдаушыларына.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Сайыстың басталуына да санаулы күн қалды, ал ел намысын 5 команда қорғамақ
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді