Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен сені сүйемін": Шереметьевода ұшақ өртенуінен көз жұмған бортсерік сүйіктісіне хабарлама жолдап үлгерген

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ өртенуінің салдарынан көз жұмған 22 жастағы бортсерік Максим Моисеев өлімінің алдында сүйіктісіне хабарлама жолдап үлгерген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Тelegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Максим Моисеев өлімінің алдында Ксюша есімді сүйіктісіне хабарлама жолдапты. Қыз да бортсерік болып жұмыс істейді екен. 

Максим хабарламада «Мен сені сүйемін» деп жазған. 

Қазіргі уақытта Ксюша Максимнің ата-анасының жанында.

Максим Моисеев ұшақ өртенген кезде жолаушыларды құтқарамын деп өзі көз жұмған еді. 

Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Талқылау