Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мен не ұра, не күресе алмадым": Қуат Хамитов Ресейдегі жеңілісінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады

Аралас жекпе-жек бойынша айқасқа түсіп жүрген «Найман» деп танылған қазақстандық балуан Қуат Хамитов ресейдің Fight Nights Global промоушенінің бос тұрған белбеуі үшін болған күресте не себепті жеңіліп қалғанын түсіндірді. Балуанның айтуынша, ол рингке жарақатпен шыққан екен, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мойындау қиын, бірақ мен бұл айқасқа жарақатпен шыққанмын. Жекпе-жекке дейін 25 күн бұрын, мен иығымды жарақаттап алған едім. Жігіт бар салмағымен иығыма құлап, менің оң қолым сал болып қалды. Мен не ұра, не күресе алмадым! Біз ине салып, ем алуға тырыстық, бірақ еш  нәтиже шықпады. Бір сәтте мен тіпті, айқастан бас тартуды ойладым. Бірақ, мен әрбір балуанға атақ үшін күресуге мүмкіндік беріле бермейтінін түсіндім », - деп жазды ол.

Әзірбайжандық балуаннан жеңіліс тапқан балуан «Найман» амалы қалмағандықтан айқасқа бір қолмен шығуға мәжбүр болған.

«Менде таңдау болмады. Қолымнан келгені ол бір қолмен ғана шайқасу еді. Міне, мен сол себепті оң қолмен соққы жасамадым және жақсы күресе алмадым. Бұл ақталу емес, бұл мен күресуге тура келген нәрсе»,- деп жазды балуан әлеуметтік парақшасында.

Айта кетсек, Қуат Хамитов 26 сәуірде Мытищи қаласында әзірбайжандық балуан Нариман Аббасовпен кездесті. Бәсте жеңіл салмақ дәрежесіндегі Fight Nights Global чемпиондық бос белбеуі тұр еді. Алайда, сол күнгі айқаста судьялар белбеуді әзірбайжандық балуанға берді.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр