Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

31 жыл бойы мен осыны айта алмадым: қазақстандық тілші өзінің гей екенін мәлімдеді

6 тамыз күні Прага қаласында Prague Pride атты гейлер-шеруі өтті. Оған ЛГБТ ұйымына мүше қазақстандықтарға арналған “Kok-Team” деп аталатын басылымның редакторы Данияр Сәбитов қатысты. Ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында шеруден алған әсерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Данияр Сәбитовтың сөзінше, шеруге шамамен 30 мыңдай адам қатысу керек еді. Сондай-ақ шеру бір аптаға созылады. Оның құрметіне 126 шаралар ұйымдастырылады. Данияр Сәбитов осы шеруге қатысуға мүмкіндік алғаны үшін қуанышты:

“31 жыл бойы мен сіздермен бірге өз қуанышымды бөлісе алмадым. Еркін жүріп, айналама қарап, өз шешімің үшін қорланбай, жұмыстан шығарылмай, таяқ жемей, өліп қалмай өмір сүрудің қандай екенін түсіну үшін басқа мемлекетке кетуіме мәжбүр болдым. Өз өмір жайлы қайта ойлану үшін анамнан айрылуға тура келді. Бостандықтың құнын түсіну үшін ғашық болу қажеттілігі туды. Бостандықта махаббат қорғаныңа, үйіңе айналады.

Қуаныш сезімі кернеп бара жатыр. Сондықтан гей, лесбиянкалар, биосексуалдар мен трансгендерлер өздерін туған жері Қазақстанға қарағанда, шетелде жақсы сезінетіні үшін күйінетінімді айтқым келеді. Бірақ бұл түк емес. Біз оны түзейміз.

Ал енді сүйікті сұраққа жауап — “бұл не үшін керек?” Шеру — тек қана мейрам емес. Әр шеру — азаматтар қоғамды қалай көргілері жайында пікірін білдіретін саяси көтеріліс.

Өкінішке орай, Қазақстанда Шеру теңдігі жоқ. Халық сүйіктісі Денис Тен қайтыс болып, азаматтар ІІМ-ді жаңартуға арналған көтеріліске шыққылары келгене тыйым салынды. Басқасына не дерсің.

Бірақ түк етпейді. Сіздер оны білмеулеріңіз мүмкін. Бірақ шағын гей-шерулер мыңдаған үйлердің ас үйінде өтеді. Олар ол жерге шәй ішіп, жұмыстарын, жанұядағы мәселелерін, азық-түлікке деген қымбат бағаларды, ең бастысы өз құқықтарын талқылау үшін жиналады. Келесі жолы кешке қарай Тараз, Астана, Орал, Алматы, Кентау қалаларының көшелерімен жүріп бара жатқанда шамы жанып тұрған үйлерге назар аударыңыз. Сол үйлерде қазақстандық шерулердің өтіп жатқанын біліп жүріңіздер.

Бір күні терезелердің жарығы бір легке ұласады. Ол мыңдаған адамдар өлең айтып, күлетін еліміздегі ең үлкен көшені жарқырататын болады. Президент 2050 жылы біз адам секілді өмір сүреміз деп уәде берді. Бірақ ол кезеңнің ертерек келуіне күшімізді саламыз. Менің мамам ол уақытқа жетпеді. Өзім жетсем екен”, — дейді ол.

 

Талқылау