Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын ынталандыруға 360 млрд. теңге бөлуді тапсырды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын ынталандыруға 360 млрд. теңге бөлуді тапсырды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында хабарлады.
Елбасы сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 53 млрд. теңге бағыттауды тапсырды. Мұның бәрі 2016 жылы қосымша 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді және ІЖӨ өсімін арттыруға үлес қосады.
Еске сала кетейік, Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"