Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Меломен” тобының әншілері жол апатына ұшырады

Әншілер 7 ақпанда таңғы сағат 04.00 шамасында Алматы қаласында әл-Фараби даңғылының бойымен Lexus көлігімен Алма-арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол-көлік апатына ұшыраған.

12

Бұл туралы Baistars.kz сайты хабарлайды.

Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлік соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда Жігер ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, 10 ақпан күні “Меломен” тобы және Жігер Ауыпбаев өзі басты ролді сомдаған “72 сағатта үйлену” фильмінің тұсаукесеріне қатысу керек болған.

Талқылау