“Меломен” тобының әншілері жол апатына ұшырады
Әншілер 7 ақпанда таңғы сағат 04.00 шамасында Алматы қаласында әл-Фараби даңғылының бойымен Lexus көлігімен Алма-арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол-көлік апатына ұшыраған.

Бұл туралы Baistars.kz сайты хабарлайды.
Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлік соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда Жігер ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, 10 ақпан күні “Меломен” тобы және Жігер Ауыпбаев өзі басты ролді сомдаған “72 сағатта үйлену” фильмінің тұсаукесеріне қатысу керек болған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"