Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектептерде есірткі қосылған сағыздар тарап кетті: ІІМ пікір білдірді

Құрамында есірткі бар сағыздардың қазақстандықтар арасында тарап кеткені шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мектептерде есірткі қосылған сағыздар тарап кетті: ІІМ пікір білдірді

Желіде тарап кеткен дауысты хабарламада мектеп қабырғасынан табылған пакеттегі күмәнді сағыздар туралы айтылған.

“Балаларға құрамында қытайлық синтетикалық есірткілер бар сағыздар мен тәттілер таратуда. Мектепте сондай есірткі бар бүтін пакет табылды. 5 сыныптың кейбір оқушылары тіпті оларды татып үлгерген. Бұны екінші рет қолданғаннан кейін балалар нашаға тәуелді болады екен”, – делінген дауысты хабарламада.

Халық арасында тарап кеткен хабарламаға қатысты пікір білдірген ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев жалған ақпаратты таратушылардың міндетті түрде табылып, жазаға тартылатынын айтқан.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері халық арасында арандату тудырып, ақпаратты арнайы таратқандарға іздеу шараларын жүргізуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау