Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектептегі ескі пианинодан құны 640 мың долларлық қазына табылды

Ұлыбританияда тұрғыны Мартин Бэкхауз кезінде мектепке сыйға тартылған 1847 жылғы пианино клавишінің астынан 913 алтын монета тауып алған.

пианино

Бұл туралы Лента.ру сайты жазды.

Осының арқасында музыкалық аспапты күйіне келтіруші бір күннің ішінде 320 мың долларға байып шыға келді.

Оның бұрынғы иелері – 72 жастағы Грэхам Хеммингс пен оның жұбайы Мэг 33 жыл үйінде тұрған ескі құрылғыда қазына сақталғандығын білмеген.

Пианиноны тек Шропширдегі жергілікті мектепке сыйлағаннан кейін бір-ақ хабардар болған. Бұл жұп пианиноның қазіргі иесі болып саналмайтындықтан, оларға бір монета да берілген жоқ.

Барлық ақшаны Мартин Бэкхауз бен оны пианиноны жөндеу үшін жалдаған мектеп әкімшілігі өзара бөлісіп алады.

Қазынада 1847-1915 жылдар аралығында шығарылған монеталар да бар, ол Англияда табылғандардың ішіндегі ең бағалысы болып тұр.Қазір  монеталарды  мамандар зерттеуде, алдын ала бағалауға сәйкес, әрбірінің бағасы 700 фунтты құраса, ал қазынаның жалпы құны 640 мың долларға жетеді.

Оқи отырыңыз:

Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)

Қатерлі ісікке шалдыққан 4 жасар бала анасын күтіп жатып көз жұмды (фото)

Төсі шектен тыс үлкен ұсқынсыз стюардесса әлемді шошытты (фото)

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

 

 

 

Талқылау