Мектеп оқушысын соққыға жыққан әкімнің ісі Ақмола облыстық сотында қаралуда

Кәмелеттік жасқа толмаған баланы соққыға жықты деп күдікке ілінген Ақмола облысы Қорғалжын ауылының бұрынғы әкіміне қатысты іс сотта қаралып жатыр.

Бұл туралы Ақмола облыстық соты хабаралады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, Қорғалжын ауданының полициясы жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, артынша тоқтатқан еді. Ал сот-медициналық сараптама бойынша, соққыға жығылған баланың денсаулығына жеңіл-желпі зиян келген.

Дегенмен, 2017 жылы Қылмыстық кодекстен “Денсаулыққа қасақана жеңіл-желпі зиян келтіру” бабы алынып тасталғандықтан, қылмыстық іс тоқтатылды. Ал әкімшілік жасөспірімді соққыға жықты деп күдікке ілінген экс-әкімнің үстінен хаттама толтырып, Қорғалжын аудандық сотына жіберген. Енді бұл іске қатысты сот талқылауы басталды.

Жасөспірімнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Баланың анасының айтуынша, 2018 жылы 22 ақпанда жасөспірім Омаровтың 12 жастағы ұлын ұрып-соққан. Осы жанжалдан кейін Қорғалжын ауылының бұрынғы әкімі интернатқа барып, әйелдің ұлын соққыға жыққан көрінеді. Бала есінен танып, аудандық ауруханаға түскен. 25 ақпанда оны елордалық ауруханаға ауыстырды.

Оқи отырыңыз:

Бурабайда мұражайға айналдырмақшы болған жазушының үйінде қаңғыбастар тұрады

35 жастағы қазақ жігіті: Бейтаныс әйел басымды дуалап қаратып алды, енді өз әйеліме баратын бет жоқ

«Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» басшысы қамауға алынды

Жабық есік, аңқау күзетші: Өрт қауіпсіздігін тексерген тұрғындар бірқатар мекемелердің былығын әшкере қылды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар