Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушысы бір жарым жыл бойы кеше не болғанын есіне түсіре алмай жүр 

Дәрігерлер 16 жастағы Кейтлин Литтлға есте сақтау қабілетін қалай қайтарып беруге болатынын білмейді. Мектеп оқушысы бір жарым жыл көлемінде күнде таңертең оянып кеше не болғанын есіне түсіре алмай келеді. Бұл туралы People басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Мектеп оқушысы бір жарым жыл бойы кеше не болғанын есіне түсіре алмай жүр

Кейтлин Литтлдың осындай халге түсуіне дайындық кезіндегі жазатайым оқиға әсер етті. Оқушы әдеттегідей сыныптастарымен жаттығып жатқан, сол кезде олардың бірі 14 жастағы қызды басынан байқамай ұрып жіберген. Естеліктерін бірден жоғалта бастаған Кейтлинді анасы мектептен алып кетуге келгенде, оқушы көліктің есігі қалай ашылатынын есіне түсіре алмаған. 

Дәрігерлер қыздың отбасына естеліктердің үш апта көлемінде қайтып келетінін айтқан. Сол күннен бері, яғни 2017 жылдың 12 қазанынан бері екі жылға жуық уақыт өтті. Ал Кейтлиннің есте сақтау қабілеті дұрысталған жоқ.

Ол күн сайын ояна салып, кеше ғана басын ұрып алғанын ойлайды екен. Жазатайым оқиға бір жарым жыл бұрын орын алғанын білмейді. Сонымен қатар, қыздың миы оған күнделік тұрмыстарды жасауға көмектеспейді.

 Мектеп оқушысы бір жарым жыл бойы кеше не болғанын есіне түсіре алмай жүр

"Біз "Алиса ғажайыптар елінде" кітабында суреттелген өмірмен өмір сүреміз. Барлық жерде "Мені жеп қой", "Сен мынаны ішкенді ұнатасың", "Мынаны жеп көр", "Үлкен әпкемнің киімін алма, ол ашуланады" деген жапсырмалар тұрады", — дейді Кейтлиннің сіңлісі Сара. 

Кейтлин Литтл мектепке қатынауын тоқтатқан жоқ. Оған қай сыныпта оқитынын, қай топта жаттығатынын әркез еске салып тұру керек. Оқышының ата-анасы қызды емдеп жазуға үміттенеді. Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары оның еміне ақша жинауды бастап кетті. Кейтлин Литтлға қажетті емдік процедуралардың бағасы арзан емес. 

Талқылау