Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп мұғалімі оқушылардың маңдайына екілік баға қойып берген

Мұғалім маңдайларына екі қойып берген балалар үйлеріне жылап оралған.

Өзбекстандағы Бекабад қалалық прокуратурасы мен Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы №5 орта мектепте төрт оқушының маңдайына “екі” қойған мұғалімнің ісін тексере бастады.

Бұл туралы Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шукур Бурханов хабарлады.

“Осы айда №5 орта мектептегі бастауыш сынып оқытушысы бірінші сыныпта үлгерімі төмен оқушыларға шара қолданған, прокуратура оны “психологиялық азаптау” деп бағалады”, – деді басқарма өкілі. Бекабад қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Мұхиддин Кузибаевтың мәлімдеуінше, оқушыларды жазалаған мұғалім уақытша жұмыстан шеттетілді. Бекабадта маңдайына “екі” деген баға қойылған бірінші сынып оқушыларының суреттері 11 мамырда Instagram мен Facebook желісінде тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл тақырыпты қызу талқылады. Instagram’ға бұл суретті салған қолданушы оқиғаның 7 мамырда болғанын жазған.

“Мұғалім маңдайларына екі қойып берген балалар үйлеріне жылап оралған. Ашуланған ата-ана баласын суретке түсіріп, маған жолдады. Мен оны инстаграмға салдым. Сол арқылы БАҚ пен қоғамның назарын аударғым келді. Дегеніме жеттім. Өзбекстанның халыққа білім беру министрінің орынбасары Әлішер Садуллаев жағдайды өз бақылауына алғанын естідім”, – деді желі қолданушысы. Министрлік шенеунігі Намоз Рузикуловтың айтуынша, “мұндай психологиялық және физикалық зорлық қолданып, көпшілік алдында мазақ ету” – елдің білім беру саясатына қайшы келеді”. “Біз міндетті түрде шара қолданамыз. Жаза қатаң, бірақ әділ болады”, – деді Намоз Рузикулов.

Оқи отырыңыз:

eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі

Қазақ қызы туған ағасының 14 жасынан бастап өзін зорлап келгенін айтты (видео)

Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

Талқылау