Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп-интернат тәрбиешісі шәкіртін өлімші етіп сабады деп айыпталды

«Жайсаң» арнайы білім беру ұйымының ұстазына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді. Айта кетейік, білім беру мекемесінде ақыл-есі кем балаға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы «Ару Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлима Әбдірова Facebook парақшасында жазған болатын.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Құқық қорғаушының айтуынша Жайсаң арнайы білім беру ұйымының тәрбиешісі шәкіртін өлімші етіп сабаған. Ал бұл жағдайдан мектеп-интернат директорының хабары болса да, оған көз жұма қараған.

Ведомстваның ақпаратына сүйенсек, Ару Ана қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлима Әбдірованың арнайы интернатта баланың соққыға жығылуы туралы арызы 2018 жылдың 21 ақпанында прокуратураға түскен. Шағым түсе салысымен Мәртүк АІІБ сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Тергеу кезінде биылғы жылдың 15 ақпанында мекеме тәрбиешісі түскі ас кезінде асханада отырған шәкіртін өзге оқушымен төбелескені үшін ұрып жібергені анықталды. Ұстазынан таяқ жеген мектеп-интернат оқушысы 2003 жылы туылған. Қазір тергеуді облыс прокуратурасы өз бақылауына алды.

Оқушысын өлімші етіп сабады деп Мәртүк ауданы Жайсаң ауылының 27 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылды.

Тергеу нәтижесі бойынша, 1 наурызда қылмыстық іс облыстың жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 80 жастағы суретші 50 жыл бойы полицейлерге көмектесіп келеді

Астана маңындағы тұрғын үй халқы құрбақа басқан құдықтан су ішіп отыр

Шымкент тұрғындары Алғыс айту күнінде көшеде кездескен жандарды құшақтап рахмет айтты

Жаңа дерек: Ержан Тәтішевті не үшін өлтіргені айтылды

 

STAN.KZ
Жұма, 02 Наурыз, 2018 12:17
Талқылау