Басты жаңалықтар
Мексикада ұшақ апаты болып, 14 адам көз жұмды
Мексикада әуе апаты болып, 14 адам мерт болды. Bombardier Challenger 601 жекеменшік ұшағы Лас-Вегастен Монтеррейге ұшып келе жатқанда апатқа ұшыраған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнын тексерген құтқарушылар 14 адамның мүрдесін тапты.
Ұшақ Мексикадағы Коауила штатының Монклова муниципалитетінің аумағында табылыпты.
Көз жұмғандардың қатарында экипаждың 3 мүшесі мен 11 жолаушы бар.
Белгілісі, қайтыс болғандар Лас-Вегастегі бокс кешін тамашалап қайтып келе жатқан.
Талқылау

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
Жеке кәсібін қолдануға алған алаяқтар оған өтемақы ретінде күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген

"1 жыл бойы стресте жүріп, ауруым бар екенін білмегем": Қатерлі ісікке шалдыққан 22 жастағы музыкант қазақстандықтардан көмек сұрады
Райымбек химия терапия қабылдағаннан кейін денсаулығында қиындықтар басталған