Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада қала тұрғыны өз мэрін өлтірді

Мексикадағы Чьяпас штатында жергілікті тұрғын Сан-Хуан-Чамула қаласының мэрін өлтірді. Жалпы ерегес барысында бес адам қайтыс болған.

нене

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Оқиға 23 шілде күні таңертең болған. Тергеу бойынша, мэр Доминго Лопес Гонсалес наразылық танытқан қалың көпшілік алдында қоғамдық жұмысқа ақша бөліп, жергілікті қолөнершілерді қолдаудан бас тартқаннан кейін адамдар оған тас ата бастаған. Сосын мэрдің денесін ортаға сүйреп шығарған.

Қала басшысымен бірге екі шенеунік және әкімшілік жүргізушісі, тағы бір қала тұрғыны қайтыс болған. Тағы 12 адам жараланған.

Тәртіпсіздікке қатысушылар көшелердегі бөгеттерді бұзып, штат билігінен қаланың игілігіне бөлінген қаражаттың жұмсалу есебін талап еткен. Сосын полиция жағдайды бақылауға алғаннан кейін бүлікшілер тарқай бастаған.

Stan.kz
Жексенбі, 24 Шілде, 2016 17:13