Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Mega Silk Way басшысы заңсыз намазхана ашқаны үшін жауапқа тартылды

Астанадағы ең танымал ойын-сауық орталығының басшысы  заңсыз намазхана ашқандары үшін айыппұл төлейтін болды.

Астана қаласына қарасты соттың баспасөз өкілі Mega Silk Way орталығына айыппұл төлеу үкімі шыққанын хабарлады.

Орталықты тексеру жұмыстары қараша айының басында жүргізілген. Сол кезде ойын-сауық орталығында құлшылық етуге арналған намазхана еш рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды.

«Намазханада жергілікті басқарушы органымен келісілмей жатып құлшылық ету жоралғылары жасала берген. Бұл дегеніңіз ҚР «Діни ұйымдар мен  олардың жұмысы» бойынша заңға бағынбаушылық»,-делінген хатта.

Бұл мәселе Астана қаласына қарасты мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сотта орталық өкілі заңды бұзғандарын мойындап, айыппұл көлемін азайтуды сұрады. Қазір орталық басшылығы жергілікті биліктің рұқсатымен намазхананы қайта іске қосқан.

Намазхана ашпас бұрын заңды оқып, жергілікті биліктің рұқсатын алмаған кәсіпкер енді 300 мың көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Оқи отырыңыз:

Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі

Димаш Құдайберген қос бірдей марапатқа ие болды

Ішімдік ішпеген: Дәрігер Төреғалидің денсаулығы жайлы шындықты айтты (видео)

Танымал журналист Төреғали туралы: Аузына темірді қыздырып басу керек

 

 

 

 

Талқылау