Мәжіліс жаңа мәдениет және спорт министрінің кандидутарасын мақұлдады
Мәжіліс мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Ақтоты Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды.
«Мәжіліс Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес, премьер-министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды», - делінеді хабарламада.
Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"