Мәжіліс төрағасы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық нәзік жандыларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы отырыс біткен соң төраға депутат әйелдерді көктемнің ең әдемі мерекесімен құттықтады.
Ол халықаралық әйелдер күні келе жатқанын айтып, тілегін жаудырды.
“Бұл — көктемнің ең әдемі, ең көрікті, ерекше мерекелерінің бірі. Сондықтан аяулы әріптестерімізді ертеңгі көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш, жұмыстарыңызға табыс тілеймін”, — деді Нығматулин.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді