Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс бірауыздан мақұлдады: Жаңа экология министрі ұсынылды

Бүгін, 17 маусымда, мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мағзұм

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасын тағайындау туралы келісті.

Бұл мәселе «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес комитет отырысында қаралды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. 

«Парламент мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес премьер-министр ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды», - делінеді мәжілістің хабарламасында.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі. 

Талқылау