Мәжіліс депутаттары жезөкшелердің өтінішіне жауап қатты

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 18:23

Халық қалаулылары жезөкшелердің өздерінің кәсіптерін жекешелендіреміз деп белсенуі бекер дейді. Депутаттар жезөкшелер мұндай бастама көтеруге моральдық тұрғыдан құқылы емес деп есептейді, zakon.kz хабарлайды.

image-44

Төменгі палата депутаттары жыныстық қызмет ұсынатын қыз-келіншектердің ҚР президентіне жолдаған уәжіне қатысты пікір білдірді. Олар жеңіл жүрісті қыздарға біздің қоғамда орын жоқ екенін, әрі олардың өтініштерін ешкім де қанағаттандырмайтынын айтты.

“Шынымды айтсам бұл тақырыпқа қатты көңіл бөлмеген едім, десе де интернеттегі бір пікір көңілімнен шықты. Онда қазақстандық қыздар жезөкше болып ақша таппауы керек деген мәнде. Менімше қоғамға басқа қырынан қарау керек. Ол үшін бала кезінен жақсы тәрбие берілуі қажет. Сол кезде артық сұрақ туындамайды”, – дейді мәжіліс депутаты Глеб Щегельский.

“Бұл өте ұятты нәрсе, әрі мұндай құбылыс біздің мемлекетте орын алмауы тиіс. Батыстың құндылықтарының біздің қоғамда көрініс табуы жастардың азғындауына әкеліп соғады. Біздің құндылықтарымыз басқаша дәріптеледі”, – дейді депутат Арман Қожахметов.

Осыған дейін жыныстық қызмет ұсынушы әйелдердің өз кәсіптерін заңдастыруға қатысты өтініштері жарияланған болатын. Егер мемлекет өтінішімізді орындаса, онда заңды түрде салық төлейміз деп жазған. Бұл өтініш өз кезегінде қазақстандық интернет пайдаланушылар мен қоғамды дүр сілкіндірді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар