Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Матрица» фильмінің режиссеры жынысын ауыстырды

Белгілі режиссер Энди Вачовски ағасының ізінше жынысын ауыстырып, әйелге айналды.

жыныс
«Матрица», «Облачный атлас» фильмдерінің режиссеры Энди Вачовски жынысын ауыстырды, енді ағалы-інілі Вачовскилер ресми түрде апалы-сіңлілі атанды деп жазады ТАСС басылымы.

Есте болса Ларри Вачовски жынысын он жыл бұрын ауыстырған болатын. Сондай-ақ ол Лана есімімен танымал. Енді оның інісі Энди әйелге айналғаннан кейін ол Лилли есімін таңдапты.

Режиссердің өзі айтқандай олар әпкесі екеуі журналистерден өзін аулақ ұстағанды дұрыс көреді. Бірақ осы мәселеге орай болған жайтты ашық айтуға бекінген.

«Білесіздер ме трансгендер болып өмір сүріп жүрген кезде мұны жасыру өте қиын. Маған негізінен осындай жайтқа дайындалу үшін біраз уақыт қажет болды»,-дейді Энди Вачовски.

Ол сондай-ақ трансгендер болып жүрген сәтте тек журналистерден емес айналасындағылардың барлығынан осы таңдауын жасыруға тура келгенін айтады. Өзгелердің түрлі шабуылына шыдауға тура келгенін есіне түсірді.

«Менің жолым болды. Осындай жағдайда менің отбасым маған қолдау көрсетті. Мен өзіме дәрігердің көмегін еркін пайдалана аламын, осының барлығы менің жыныс ауыстыру кезінде сабырлық пен шыдамды болуыма қолдау болды. Мұндай мүмкіндіктері жоқ трансгендерлер қысымға шыдамаулары да мүмкін. Менің әйелімнің, туыстарым мен достарымның махаббатынсыз мен осы жерде осылай отырмас едім»,-дейді режиссер.

Талқылау