Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде құлдықта болған қазақстандық қандай қорлық көргенін айтып берді

Шымкент тумасы он күндей Мәскеу аудандарының біріндегі дүкенде болған, ол жерде азаматты ұрып-соғып, құжаттары мен телефонын тартып алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

maxresdefault
Қазақстандық дипломаттар азық-түлік дүкенінен тағы бір Қазақстан азаматын босатып алды, ол – Шымкент тұрғыны Ертай Ережепов. Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінен жәбірленушінің анасы көмек сұраған. Жүк тасушы қызметі туралы хабарландыруды Ертай Ережепов жергілікті газеттен тауып алады. Хабарландыруда көрсетілген телефонға хабарласып, Ертай Саратовта жұмыс істеу керектігін біледі.

“Қарасам жұмыс орны бар екен: “Жүк тасушы керек” деп тұр. Хабарластым. Тұтқаны бір қыз көтерді. Онымен сөйлессем, “осындай бір жұмыс бар, бірақ Қазақстанда емес, Ресейде, Саратов қаласында. Жүк тасушы” дейді. Мен жарайды, кездесейік дедім. Кездестік. Ол: “Дүкен әпкемдікі, күйеуі де сонда, қазақтар, қорықпа! Өзіміздің шымкенттіктер!” — деді. Мен келістім. Сеніп қалдым”, — дейді Ертай Ережепов телеарнаға.

Жігітпен әңгімелескен қыз – азық-түлік дүкені иесінің туысы. Ол Ертайға Мәскеуге дейін билет алып беріп, әуежайға шығарып салады. Мәскеуден Саратов қаласына өзі жетуге тиіс болатын, алайда мәскеулік әуежайда дүкен иесі Жансұлу Истанбекованың күйеуі күтіп алады. Ол жігітті Гольяново ауданындағы дүкенге алып барып, құжаттары мен телефонын тартып алады. Қашу Қазақстандық он күннен соң ғана қашып шыға алды, ол бір апта бойы Мәскеу соборлық мешітінде тұрған. Жансұлу Истанбековадан Ертайдың төлқұжатын қайтарып алуға мешітте тұратын мықты жігіттер көмектескен. Ережеповтың айтуынша, ол Қазақстан елшілігіне барғанымен, ешқандай көмек болмапты. Алайда сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарады.

“Азаматтың өтінішінен соң біздің дипломаттар көрсетілген дүкенге барып, психологиялық қысым көрсету арқылы Ережеповтың құжаттарын қайтарып алады да, өзіне ұстады. Бұдан бөлек, Қазақстанға қайтуға қаражаты болмағандықтан, дипломаттар жігітке пойызбен отанына оралуға көмектескен”, — деп түсіндірді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде қазақ жігіттерін құл, қыздарын күң қылған дүкен жабылды

Бізді ұрып-соғып, арақ ішуге мәжбүрледі: қазақстандық әйел Мәскеудегі құлдық туралы айтты

Қазақстандықтар Мәскеуде құлдыққа қалай тап болады

Талқылау