Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде тоғызыншы сынып оқушысы мектепте оқ жаудырды (видео)

Ресейдің Мәскеу облысы, Ивантеевка ауылында тоғызыншы сынып оқушысы оқ жаудырды.

full-1504605741c22eccab81843e67c2739997db71c19f

“Алдын ала ақпарат бойынша бүгін мектептердің бірінде 2002 жылы туған бала пневматикалық қарудан оқ жаудырған. Төрт адам ауруханаға жеткізілді”, – деп хабарлады сенімді дерек көзі. Зардап шеккендердің үшеуі – бала, біреуі – мұғалім екен. Ақпаратты Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі де растады.

Қазіргі таңда қару кезеніп келіп, оқ жаудырған жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиға сәтінде мектепті күштік құрылым өкілдері қоршауға алып, қауіпсіздік шараларын атқарған. Оқ атқан оқушы мектеп аумағына жарылғыш зат қойған деген де дерек бар. Әзірге жарылғыштың нақты қай жерде екені анықталмады. Құқық қорғау органдары баланың шабуыл жасауға ерте дайындалғанын айтып отыр.

Оқи отырыңыз:

Шешенстан елі Мьянма мұсылмандарын қорғау мақсатында жаппай шеруге шықты (видео)

70 жастағы зейнеткер Атлант мұхитын қайықпен үшінші рет жүзіп өтті

“Әке, мені өлтірші!” деп әлемге айғай салған бала қажылығын өтеді (видео)

Үндістанда піл өзімен селфи жасамақ болған адамды таптап кетті (видео)

STAN.KZ
Сейсенбі, 05 Қыркүйек, 2017 15:15
Талқылау