Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде салмағы 300 келі ер адам көз жұмып, оны бір топ құтқарушы терезеден шығаруға мәжбүр болды

Мәскеуде салмағы 300 келі ер адам көз жұмып, бір топ адам оны ауруханаға апару үшін терезеден шығаруға мәжбүр болды. Жүрек ауруынан дүние салған марқұм 10 жыл бойы пәтерінен көшеге шықпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТВ арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото НТВ арнасынан

Деректерге сай оны ауруханаға апару кезінде құтқарушылардың көмегі қажет болған. Ер адамды қызметкерлер терезе арқылы шығарды. 

15 адам қатысқан операция шамамен төрт сағатқа созылған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ оны құтқара алмады. 54 жастағы науқастың жүрегінде ауыр дерт болған.


Талқылау