Мәскеуде метро қызметкері банкоматта ұмыт қалған 100 мың рубльді ұрлаған
Мәскеу полициясы 100 мың рубль ұрлады деген күдік пен метро қызметкерін ұстаған. Қазір 59 жастағы әйел тұратын қаладан ешқайда шықпау туралы келісім бойынша үйіне жіберілген.

Бұл туралы Лента.ру сайты жазған.
Мәскеу полициясынан көмек сұраған 55 жастағы тұрғын, ақшасының жоғалғаны жайлы шағым түсірген. Әйелдің сөзінше ол «Братиславская» бекетіндегі банкоматқа карточкасын салып тиісті қаржыны беру функциясын орындаған. Артынша ақшасын ұмытып банкомат қасынан кетіп қалған. Әйел есіне түскен кезде сол жерге қайтып келеді, алайда ақша жоқ болып шығады.
Күдіктіні сұраққа алу кезінде ол 100 мың рубльді алғанын мойындаған. Сондай-ақ, оны өз қажетіне жұмсағанын да айтқан. Қазір азаматтың үстінен ұрлық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді