Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы көпшіліктен кешірім сұрады

Мәскеуде көз жұмған қазақ қызы Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан кәсіби парақшасының жекеге айналғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы көпшіліктен кешірім сұрады

«Мені стилист ретінде танып, тіркелгендерден кешірім сұраймын. Бұл мен жайлы, отбасым жайлы емес, кәсібім, киімдерге деген махаббатым туралы жұмыс парақшам. Стилист мамандығы қазіргідей сәнді әрі танымал болмай тұрған кезде бұл мамандықты қалай меңгергенім және саясат, бизнес, сән саласында жүргендер менің кеңестеріме құлақ аса бастағанына қол жеткізгенім туралы парақша», – дейді Жанна Ахметова.

Сәнгердің айтуынша, оның «парақшасы отбасындағы қайғылы жағдайдан кейін кәсіби бағыттан, ананың қайғысына қарай ауысқан».

«Менің қызымның әділетсіз өлімі бүкіл мемлекетті селт еткізді. Нәтижесінде қазір болып жатқанның бәрі жарыққа шықты. Сол күні біз Мәскеуге ұшып бара жатып, тіпті, ата-анамызға да не болғанын айтпадық. Барлығын өзіміз анықтап, біліп, артынша абайлап хабарлаймыз деп ойладық. Алайда Мәскеуге жеткенімізде, бізге хабарласпаған тек «Мурзилка» журналының журналистері болды. Қызым туралы жаңалық Ресейдің бүкіл БАҚ-тарында жүрді. Артынша отандық БАҚ-тарда да пайда бола бастады. Әу бастан барлығы осындай шудан басталғандықтан, қазіргі уақытта барлығын тыныш жасай алмай отырмыз», – дейді марқұм Томиристің анасы.

Сондай-ақ, Жанна Ахметова өзіне қолдау білдіріп, қол ұшын созған жандарға алғыс айтты.

«Қаншама жылы, қолдау сөздері, жеке оқиғалар мен көмек туралы ұсыныстар, қоңыраулер мен хабарламалар келіп жатыр. Рақмет», – дейді Ахметова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау