Мәскеуде көз жұмған қазақ қызының мүрдесі Астанаға жеткізіледі
Қазіргі уақытта Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар қаза болған Томирис Байсафаның денесін елге жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қыздың мүрдесін, бүгін, яғни 4 мамыр күні кешке елге жөнелту жоспарланып отыр.
“Бүгін кешке қыздың денесін Астанаға жібереді. Қазіргі уақытта елшілік қызметкерлері ауруханада, келіссөздер жүргізіп жатыр”, – деп хабарланды ведомстводан.
Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.
Тағы оқыңыз:
ШҚО-да күйеуінен таяқ жеген жүкті әйел жұбайын пышақтап өлтірді
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"