Мәскеу мүфтиі исламда қыздар да сүндеттелетінін айтты

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 9:32

Мәскеулік мүфти Альбир Қырғанов бірнеше жағдайда әйелдердің де сүндеттелетінін мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, бұл мәселеде әр адам өзі шешім қабылдайды.

12737624

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Ислам діні әйелдердің сүндеттелуіне толықтай тыйым салмаған, кей жағдайларда оған рұқсат етіледі. Бұл қадамға бармас бұрын әйел баласы саналы түрде өзі шешім қабылдайды», – деді Мәскеу және Орталық аймақтың мүфтиі, Ресей Федерациясының діни эстремизмге қарсы қоғамдық палатасы жұмыс тобының басшысы Альбир Қырғанов.

Бұдан бұрын «Заңды бастама» («Правовая инициатива») Дағыстанның шалғай аймақтарындағы кейбір елді-мекендерде жасөспірім қыздардың жыныс мүшесіне хирургиялық ота жасалғандығы жөнінде есеп құжатын жариялаған болатын.

Сәрсенбі күні РФ қоғамдық палатасы отбасыны, бала мен ананы қолдау бойынша комиссия төрағасы Диана Гурцкая РФ бас прокурры Ирий Чайкаға бұл ақпаратты тексеру жөнінде өтініш жолдады.

Ал мүфтидің айтуынша, қыз баласын сүндетке отырғызудың бірнеше түрі бар екен. Ол: «Ислам дініне дейінгі уақытта да қолданылған адамшошырлық түрлері де бар, ол кезде сүндеттеудің бұл түрін жаза ретінде қолданатын», – дейді. Осы орайда ол, «фараондық сүндеттеуді» мысалға келтірді. Ол кезде адамның сыртқы әлемге көрініп тұратын жыныстық белгілері алынып тасталады екен.

«Жалпы мұндай әрекеттерге ислам қатаң түрде тыйым салады. Алла жаратқан денеңді өзгертуге мұқтаждық болмаса, оған тиісуге болмайды. Меніңше, мұндай қадамға баруға әйелдің өзі, ал егер қыз бала болса, оның ата-анасы шешім қабылдауы тиіс», –деді мүфти.

Жіберіп алмаңыз: 

Британияда ер адам балаларын сүндетке отырғызудан бас тартқан әйелімен соттасты

ОҚО тұрғыны бала сүндеттеуді ұлының атына патенттеп алған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сен қақпас шал жалмауызсын,кайыршысын,сайтансын,ты педофилией страдаешь урод эта херня для тебя повод чтобы заглядывать маленьким девочкам под юбку,будь ты проклят МРАЗЬ ПОГАНАЯ

  • Анонимно says:

    Ер балалардың өзін сүндеттеу парыз емес сунна, Сүндетелмеген ер адам да мұсылман бола береді. Еврейлер сүндеттелді бірақ мұсылман емес.Қыздарды жөнінде ол еш дінге де медицинада да жоқ. Ер балаларды сүнgетеу гигиена,

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар