Мәсімов Білім және ғылым министрін Ақтөбеге жіберді
Бұл Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке Ақтөбеде ұлттық бірыңғай тестілеудің дұрыс өтуін бақылауға алуды тапсырды.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.
«Кеше кешкісін балалардың қауіпсіздігі үшін екі пункттегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімін 7 маусымға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ата-аналар мен ұстаздарға қажетті мәліметтер берілді. Барлық пункттерде ҰБТ штаттық режімде жүргізілу үстінде. Егер сіздің тарабыңыздан тапсырма болатын болса, онда мен Ақтөбеге өзім барып, жағдайды бақылауға аламын», – деді министр ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке қарата.
«Барыңыз, жиналыстан кейін ұшып кетіңіз. Облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауға алыңыз»,- деді Үкімет басшысы.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті