Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маса шаққан әйел жазылмас дертке шалдықты

37 жастағы индонезиялық әйел жазылмайтын дерт жұқтырып алды.

Ребекка Уиллерске диффузиялық жүйелік склеродерма диагнозы қойылған. Ол тері жамылғысының, қан тамырларының, тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалардың зақымдалуымен байланыстыратын тіндердің аутоиммунды ауруы. Бұл дертпен ауыратындардың 10 пайызы 5 жыл ішінде көз жұмады.

Уиллерс 2015 жылы Суматраға жолбарыстарды қорғау жобасы бойынша барады. Мамандар науқастты сол сапарында маса шаққан деп отыр.

Ұлыбританияға келген соң әйел бірнеше рет ауырады. Ауруы салдарынан денесі қатайып кетеді.

«Ең қорқыныштысы – аурудың тез тарауы. Дәрігер үш жылда дене одан әрі қатаюы мүмкін екенін айтты. Тіпті тісімді жуа алмаймын. Қолым тас секілді», – дейді науқас.

Науқас әйел бар жиған-тергенін еміне жұмсамақ.

«Жануарлар үшін бар өмірімді арнап едім, енді зообақ кеңсесінде тек қағаздармен жұмыс істеуіме тура келеді», – дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Жаяу жүргінші 9-қабаттан құлаған әйелді қолымен қағып құтқарып қалды (видео)

Ғалымдар 2018 жылдан бастап қуатты жер сілкіністерінің болатынын ескертті

Жетімдер үйінде өскен жігіт анасын қалай тапқанын айтып берді

Талқылау