Маса адам қанын қалай ішеді (видео)
Жаз шықса болды адам масадан қорғанумен әлекке түседі. Оның шаққан тұсы кейде қызарып жараға айналып та жатады. Ал сол маса сорып алған қанды қалай ішетіні тіпті қызық.

Масада қанды ішетін ешқандай құрал жоқ, есесіне толықтай жинақ – инесі, сорғышы, тіреу құрылғылары бар.
Жер бетіндегі ешбір жануар адамдарды масалар секілді тым көп өлтірмейді. Әрине, масалардың өзі емес, олар тарататын аурулар қауіпті. Маса инесін адам денесіне тыққан кезде әлгі жұқпалы ауру біткеннің бәрі адам ағзасына тарайды.
Шын мәнінде масада бір ғана емес, алты бірдей ине бар. Олардың екеуі тісте орналасқан. Олардың жіңішке болғаны соншалық адам сезбей де қалады. Маса адам денесін тесіп болған соң, оған қанды жоғары тартып алатын сорғышты кіргізеді. Ал бұл уақытта басқа инелер тіреп тұру жұмысын атқара береді. Ал басқа инемен маса қанды тартып, іше бастайды. Біз осы кезде барып ауырсынуды сезінеміз.
Оқи отырыңыз >>>
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі