Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас оқушы кондуктордың басын балғамен жарып тастады

Санкт-Петербург қаласында 17 жастағы мас оқушы 67 жастағы кондуктор әйелдің басын балғамен жарып тастады.

Бұл туралы “Фонтанка” басылымы жазды.

Басы жарылған зейнеткер үйіне кеткен. Алайда біраз уақыттан кейін оның жағдайы қатты нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Оны тексерген дәрігерлер бас сүйегінің сынғанын анықтаған. Артынша жарақатты қайда алғанын айтып берген.

Айтуынша, шамамен сағат 23:30 шамасында ашулы жолаушы автобус ішінде оны балғамен ұрып жіберген. Әйел әлгі бойжеткенді таниды екен. Бірақ, араларында жанжалдың тууына не себеп болғанын айтпады.

Сол түні ауруханаға зейнеткер ғана емес, әлгі бойжеткен де түскен екен. Дәл қазір ол Филатов атындағы балалар ауруханасында жатыр. Басылымның хабарлауынша, ол мас болғандықтан ғана осылай жасаған болуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Техаста болған атыста 27 адам құрбан болды

АҚШ-тың Техас штатында белгісіз адам шіркеуде оқ атты

Тұрмыстық техника тиелген ГАЗель жеңіл автокөлікпен соқтығысты

Маңғыстаулық жігіт өз әкесін буындырып өлтірді

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қараша, 2017 07:56
Талқылау