Мас күйінде ота жасаған дәрігер жаңа туған сәби мен анасын өлтіріп алды
Үндістанның Гуджарат штатында дәрігер науқасқа мас күйінде ота жасаған деп күдіктелуде.

22 жастағы келіншек толғағы жақындаған соң ауруханаға жеткізілген. Оған кесір тілігін жасамақ болады. Отадан соң сәбидің өлі туғанын туыстарына хабарлады. Ал, анасынан көп қан кеткен. Науқасты жеке емханаға апармақ болғанда, жолда көз жұмды.
Кесір тілігін 15 жылдық тәжірибесі бар дәрігер жасады. Науқастың өлімінен соң ол өзі полиция шақыртты. Дәрігер өзін ақтамақ болғанға ұқсайды. Полицейлер дәрігердің аузынан ішімдік иісін байқайды. Тексеріс тен соң оның мас күйінде ота жасағаны анық болды. Осыдан соң дәрігерді қамауға алды.
Қазір дәрігердің науқасқа қаншалықты зиян келтірегін, науқастың өлімінің неден болғаны анықталып жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"