Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдікке тойып алған ана төрт баласын жанып жатқан үйде қалдырып кеткен

Курганск облысында мас ана төрт бірдей баласын өртеніп жатқан үйге қалдырып кеткен.

pic_9611c3305c212fd8141471d71455c511

Екі баланың дене бөліктері өртті сөндіру кезінде табылды. Өзге қайтыс болғандарды іздеу шаралары әлі жалғасуда.

Екі немесе одан да көп баланы қараусыз қалдырып, жауапкершілікті сезінбеген ананың әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үйдегі өрт әйелдің ұқыпсыздығы кесірінен шыққан.

Оқиға 30 мамыр күні Курганск облысы, Лебяжьевск ауданы, Лопатка ауылында болды. 6 және 3 жастағы екі ұл және 1 жарым жасар және 6 айлық екі қыз бала 25 жасар анасының үйінде қалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша үй жанып бастаған кезде әйел сыртқа шығып орындыққа жайғасып, бақылап отырған.

Ол өрт сөндірушілерге балаларды терезеден шығардым деп айтқан. Алайда мамандар терезенің мүлде ашылмағанын анықтады.

Жіберіп алмаңыз:

15 жастағы ресейлік қыз екінші рет ана атанды

Талқылау