Маржан Сұлтанбай ырымға сенетін қазақтарды сынады

Дүйсенбі, 21 Наурыз , 2016 8:31

Танымал тележүргізуші Маржан Сұлтанбай ырымға сенетіндерді қатаң сынады. Көрінбей кеткен ол тұрмысқа шыққалы жұрттың алдына енді шығып отыр. Оның өзінде эфирден емес тек сайт арқылы блог жүргізе бастаған.

маржансұлтан

Бұл туралы Baistars.kz  сайтында жазған.

“Бүйтпе жаман болады, сүйтпе жаман болады… Неге? Неге олай істеуге болмайды? – деген «почемучкаларға» үлкендер: «Жамааааааан болады…» – деп түрлерін мыжырайтып-тыжырайтып қорқытады. Иә! Біз солай өстік. Түк білмейтін мақау кезімізде «жаман боладымен» біздің аузымызды жауып тастайтын. Өсе келе ойланасың. Әсіресе, бойлары тізеңе жетер-жетпес майда-пашақтардың тосыннан қойған сұрақтары кәдімгідей ойландырады. «Мынау неге былай, Манзан тәте? Неге олай болмайды, Манзан тәте?» – Оппппппппа!!! Жауап таппағанда: «Олай істесең жаман болады!» – дей салған жеңіл, әрине. Бірақ… сол «жаман боладының» астарында не жатыр?”, – деп сұрақ қойған журналист ары қарай жауап беруге тырысады.

– Тек қазақтарда емес, ырым-тиым деген қай ұлтта болмасын жетерлік. Алайда, кейбір білгішMANдердің  статистикалық  мәліметтеріне сүйенсек, жер бетіндегі барлық ұлттардың ішінде орыстар ырымға қатты сенеді екен. Меніңше, бұл ретте, қазекеңдер де қалыс қалып жатқан жоқ. Себебі, кемпір-шалдан естігендеріміз өз алдына, фэн-шуй деген бар, экстрасенс-психологтардың немесе жай ғана еріккен біреулердің ойдан шығарған ырым-тиымдары бар. Қысқасы, не скучно живем!!! Өз басым тойдан «жұғысты болсын!» – деп сарқыт алғанды әбестік санамаймын, бірақ, қалыңдық гүл лақтырғанда соған таласып, төбелесіп, шаш жұлысып жатқан «подружкаларды» көргенде жайлап бетімді шымшимын: Қанша тойдан гүл қағып алған құрбыларым бар, сол бір бума гүлге байланысты болса тағдырлары – әлдеқашан-ақ үйлі-баранды боп отырар еді, – деп жазады журналист.

“Негізі қалыңдықтың гүл лақтыратыны Голливуд киноларынан кейін кең өріс алып кетті. Сәнді мейрамхана, әдемі киінген қонақтар, той көйлегін киген сұлу қалыңдық… Бүгінде бірде-бір той онсыз өтпейді деп айтуға болады. Ол, былайша айтқанда, тойдың программасындағы «әдемі нүкте» ғана. Ал, кейбір адамдар «мына ырым бойынша бүйтсең – бақытсыз боласың, бүйтсең – ұзақ өмір сүресің…» – дегенге кәдімгідей беріле сенеді. Жарайды, бұрын оқу-тоқу болмаған кезде адамдар жан-жануарларға қарап, табиғат құбылыстарын бақылап ауа-райын болжап отырған,т.с.с. Өйткені, ол кезде тіпті мүмкіндік болмады: ғылым дамымаған, халық – надан. Ал, бүгінгі қоғам «супер сауатты» Тіпті үйде отырған «домохозяйкаң» да кез-келген саясаткермен сөз таластыра алады – Google-дың арқасында. Үш жастағы балаң да айфон-айпадтарыңды ақтарып, шашып тастайды. Баяғыша: «бүйтсең – жаман болады» – деп қазіргінің балаларын алдай алмайсың. Сондықтан, кішігірім зерттеу жүргізіп көрдім. Қандай ырым санаға сияды, қандай ырым – сандырақ???”, – деп ашынған журналист.

Бұдан бөлек, журналист көлемді жазбасында қара мысықтан қорқатындар мен сары гүл сыйлауды жаман ырымға балайтындарды сынаған.

Сондай-ақ, Маржан Сұлтанбай  ең үздік пікір білдірген оқырмандарын марапаттамақшы.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Абай атамыз айткандай “Казагым ырым етер, ырымы кырын кетер.Менде бурын коп ман беретинмин, казир конил болмеуге барынша тырысамын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар