Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Сұлтанбай ырымдарды талқылаймын деп өзі сынның астында қалды

Тележүргізуші Маржан Сұлтанбайдың ырым-тыйымға қатысты зерттеуі көпшіліктің көңілінен шықпаған сыңайлы. Себебі желі қолданушылары оның айтақан сөздері мен мысалға келтірген жайттарынан ешқандай зерттеу мен зерделеуді көрмегендерін сынай отырып жазған. Тіпті кей қолданушылар оның әлде бір ұйымға “Қолшоқпар” болып отырғанын ашық айтқан,-деп хабарлайды Stan.kz.

султа

Көптен бері жұрттың алдына шықпай кеткен Маржан Сұлтанбай  ырым-тыйымды айтамын деп жұрттың сынына қалды.

султа.jpg1

Журналист Нәзия Жоямерген  Маржан Сұлтанбайдың жазбасынан кейінгі ойын  жоғарыдағыдай тізбектесе Асхат Садырбай көшіліктің сынына ренішін білдірген.

султа2

Ал  Әлібек Керімханұлы  Маржан Сұлтанбайдың келтірген мысалдарына қарап оның аталарын сынаған. Сондай-ақ, олардың білмегенін барша қазақ отбасының тәрбиесі мен өткеніне таңба етіп басудың қажеті жоғын айтады.

султа3

Маржан Сұлтанбай отандық телеарналардың біріндегі шоу бағдарламада шашын тақырлап алып, жұртқа танылған еді. Міне осы жағдайдан кейін оны барша халық  “Тақылдақ Маржан, Тақырбас қыз” атап кеткен еді. Соңғы 2-3 жылда тұрмысқа шығып, журналистік жұмысын уақытша тастаған болатын. Тіпті әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастады. Осыдан бір жыл бұрын “Осырақ шалымның рұқсатымен желіге тіркелдім” деп жазды. Жұрт сол кезде де Маржанның айтқан сөзін сынап, оны діншіл кісіге тұрмысқа шықты деген болжамдарын жарыса айтқан болатын.

Есте болса Маржанның  ырымға қатысты жазбасын жариялаған болатынбыз.

Талқылау