Маржан Арапбаеваның ішінен ұстап алған Әлішер Кәрімов желіде қызу талқыға түсті
Аяғы ауыр Маржан Арапбаева ерсі әрекетімен көзге түсті. Әнші домаланған ішін Әлішер Кәрімовке ұстатып, елден сөз естіді, деп жазады Stan.kz.

Әлішер әріптесімен түскен суретін жариялап:
“Астана, Маржан мен балақай мені жылы қарсы алды. Менің ең жақсы әрі жақын достарымның бірі Маржан. Жақында өмірге сәби келеді. Ал өмір маған “бойдақтықпен” қош айтысу керектігін меңзеп жатқандай”, – деп жазды.
Желі қолданушылары әріптестердің бұл қылығын теріс түсініп, оларға ұрысып тастады.
“Маржанның күйеуі бар емес пе? Неге бұлай суретке түскен”, “Түсінбеймін, қалай өз ішіңді біреуге ұстатқызуға болады? Күйеуі бар әйелге тән емес қылық”, “Әрине, ұят. Бөтен еркекке ішің түгілі қолыңды ұстатуға болмайды шариғатта”, – деп сынады желі оқырмандары.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
Қазақстандық жайлы өмір үшін Занзибарды таңдаған: "Халқының жалақысы 30 мың теңге, азық-түлік Қазақстаннан екі есе арзан"
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”