Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаева үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Әнші Маржан Арапбаева бүгін  үшінші сәбиін аман-есен бауырына алды. Белгілі болғандай, әнші кесте тігерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маржан Арапбаева

Бұл туралы әнші Әлішер Кәрімов мәлімдеп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

«Қазақ еліне сұлу бір xаншайым дүниеге келді! Ербол, Маржан, бауы берік болсын дегім келеді! Жолы ашық болсын әрқашан, Алланың нұры жаусын! Өркені өссін! Ербол екеуің қол ұстасып, бақытты ғұмыр кешіңдер! Мен өте қуаныштымын», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Әнші Тамара Асар да өнердегі әріптесінің қуанышын Instagram желісінде хабарлап, Арапбаеваның үшінші сәбиінің кіндік анасы атанғанын айтты.

Өз кезегінде желі қолданушылары Арапбаеваны құттықтап, «бауы берік болсын» десіп жатыр.

Айта кетейік, Маржанның бірінші некесі сәтсіз аяқталып, екінші мәрте тұрмыс құрған болатын. Үлкені Амира алғашқы күйеуінен туған қыз. Қазіргі таңдағы жолдасы Ербол екінші перзентінің әкесі. Отағасы Астанада полиция қызметкері көрінеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау