Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаева мен Бүркіт “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанды

Тәуелсіздік күні қарсаңында өнер саласында еңбек етіп жүрген бірқатар өнерпаздар мемлекеттік марапатқа ие болды. Олардың қатарында Бүркіт, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы сынды өнер майталмандары бар.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда ғана режиссер ретінде таспалаған тырнақалды туындысын ел назарына ұсынған Бүркіт “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атанды.

“Осындай атаққа, үлкен дәрежеге мені жеткізген біріншіден Аллама, екінші әкем мен анама, үшінші xалқыма үлкен алғысым!” – деп қуанышымен бөлісті Бүркіт инста-парақшасында.

Дәл осындай атаққа ерекше дауыс иесі Маржан Арапбаева да лайықты деп танылды.

“Бірінші Аллаға, екінші халыққа мың да бір алғыс. Қуанышымда шек жоқ! Осы күнге жеттім, шүкір! Мен бақыттымын! Қазақ елінің өнерінің дамуына кішкене болса да үлесімді қосқаным мен үшін үлкен абыройлы міндет және қуаныш”, – деп елден сүйінші сұрады Арапбаева.

Сондай-ақ, бұл күні әнші Жұбаныш Жексенұлы да елбасының қолынан марапат алды.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова 20 жас үлкен күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзін қалай баурағанын айтып берді

Мақпал Жүнісова еркектің сырттағы жүрісіне көз жұма қарау керектігін айтты

Меруерт Өтекешова, Қанат Ислам және Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапатқа ие болды

Жазира Байырбекова: Тұсау кескенге бір тиын да алмаймын

Талқылау