Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Mars шоколод өнімдерінен пластик материал табылды

Mars америкалық концерні Германияға жіберілген «Марс», «Сникерс» және «Милки вей» шоколад және Celebrations конфет өнімдерін қайтарып алмақ.

Mars-chocolate

Сурет www.mid-day.com сайтынан алынды

Өнімдерді қайта қайтарып алуға себеп болған нәрсе – шоколадтан пластик материал бөлігінің табылуы болып отыр. Енді Германияға соңғы төрт апта көлемінде жіберілген өнімдер қайтадан концернге келеді. Жарамсыз болып табылған тауарлардың жарамдылық мерзімі 2016 жылдың 19 маусымынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін деп көрсетілген.

Компания сондай-ақ, Францияға сатылымға жіберілген тауарларды да кері қайтармақ. Бір күн бұрын компания Нидерланды, Ұлыбритания, Бельгия, Италия және Испаниядағы тауарларын сатуға шектеу қойған еді.

2016 жылдың 1 ақпанында британиялық студент Саима Ахмат Nestle компаниясынан өзін өмір бойы шоколадпен қамтамасыз етіп тұруын сұраған болатын. Ол бұл қадамға KitKat шоколады құрамынан бірде бір вафель таппағанын айтып шағымданған.

Талқылау