Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пластикалық қоспасы бар Mars шоколадтары ЕАЭО елдеріне жіберілмеген

Байқаусызда құрамына пластик араласып кеткен Mars компаниясының Mars, Snickers және Milky Way шоколад өнімдері Евразиялық Экономикалық Одағына мүше елдер нарығына жіберілген жоқ. Бұл туралы Роспотребнадзор сайтында хабарланды.

11134484

Сурет Reuters

Осыған дейін әйгілі Mars компаниясы әлемнің 55 мемлекетінен өз өнімдерін кері қайтарып алатындықтарын хабарлаған еді. Бұған шоколад құрамдарынан пластикалық материал бөлшектерінің табылуы себеп болған.

“Жария болған ақпаратқа сәйкес, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалаушы халықаралық ұйым және тамақ өнімдерінің сапасына жауап беретін Европалық жүйе тарапынан түскен ескертуге сай, аталған қауіпті шоколад өнімдері Евразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына түскен жоқ”, – делінген хабарламада.

Талқылау