Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм Ескендір Сүлейменовтің анасы не үшін 14 миллион теңге өтемақы талап еткендерін түсіндірді

Астанада белгілі қаламгер Олжас Сүлейменовтің апат салдарынан ажал құшқан 23 жастағы немересі Ескендір Сүлейменовтің ісіне қатысы сот өтуде. Марқұмның туыстары өтемақы ретінде айыпталушы тараптан 14 миллион 800 мың теңге талап еткен еді. Алайда айтуларынша, олар әу бастан өтемақы өндіріп алуды көздемеген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ескендір Сүлейменов

Марқұмның анасының сөзінше, олар өтемақы талап етуге мәжбүр болған. Себебі сот марқұмның туыстарына сотталушы Мәлика Мұхитовадан материалдық шығын талап етуді міндеттепті. Ал олар талап еткен 14 миллион 800 мың теңге шамасындағы ақша марқұмның мотоциклі, оны жерлеу рәсімі, берілген асқа және қорғаушы жалдауға жұмсалған шығын екен.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда «Мігілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейментің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау