Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марк Цукерберг мұсылмандарды қолдайтынын айтты

Марк Цукерберг Парижде болған терактілі оқиғаға байланысты қатал сынға ұшыраған мұсылмандарды қолдады. Бұл туралы ол 10 қараша күні Facebook парақшасында жариялады.

921a89aba6cbceca97d85039ff28b78d55e4fb0a921a89aba6cbceca97d85039ff28b78d55e4fb0a

“Facebook желісінің басшысы ретінде мен осы желіге тіркелген барлық мұсылмандарға айтарым, біз әрқашан сіздердің құқықтарыңыз үшін күресіп, қауіпсіз болғандарыңызды қалаймыз”, – деді 31 жастағы Facebook желісінің негізін қалаушы.

Цукерберг өзінің ұлты еврей екенін де атап өтті. Ата-анасы оны ешбір адамның құқығы тапталмауы үшін қарсы тұра білуге үйреткенін айтты.

“Біз бір-бірімізге сүйене отырып, өз сенімімізді жоғалтпауымыз керек. Сонда ғана өзіміз үшін де, жер бетіндегі барлық халық үшін де бейбіт өмір орната аламыз”, – деді Цукерберг.

Оның осы посты 470 мыңға жуық лайк жинап үлгерді.

8 желтоқсанда америкалық кәсіпкер, әрі саясаткер Дональд Трамп АҚШ-тағы мұсылмандарға ойын айтқан болатын. “Біз әлі де бұл мәселені толық түсінбей жатырмыз. Еліміз тек джихад үшін адам өмірін құрметтеуді білмейтін шабуылдаушылардың құрбанына айналмауы керек”, – деді президенттікке үміткер саясаткер.

13 қарашадағы Парижде болған терактілі оқиға салдарынан 130 адам қаза тауып, 350 адам жарақат алған болатын. Бұл оқиғаға “Ислам мемлекеті” (Ислам атын жабынушылар) террорлық ұйымы жауапты екенін айтқан.

Талқылау